Апта басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде болатын халықаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, ертең Астанада Сирия келіссөздерінің кезекті раундында да қауіпсіздіккке мән берілуі қажет екенін атап өтті.
Сонымен бірге, Елбасы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде құқық қорғау құрылымдарының сапалы жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
- Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды, сондықтан көрмеге келген барлық қонақтар тарапынан жақсы баға берілді.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Апта басында Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/75612/)