Қазақтың құмай тазысы «ортаазиялық борзая» атанып кетпей ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың құмай тазысы «ортаазиялық борзая» атанып кетпей ме?

04.11.2018

Біз «бабамыздан қалған мұра», деп қаннен-қаперсіз жатқанда, көкпар қырғызға кетті, ал, киіз үй мұхит асты. Енді құмай тазымызға құмартып, жеті қазынаның біріне қол салғалы жатқандар табылды. Олар ит төресін қазақы емес, «ортаазиялық борзая» деп атамақшы. Даудың басы Ресейде өтетін иттер көрмесінен басталды. Саятшы азаматтар бұған төзе алмай, жер-жерде жедел қарсылық білдірді. Олар ұлттық брендімізді ортанқол иттермен ортақтастырмайтындықтарын ашына жеткізіп жатыр. Өйткені, «қазақты тазысынан айыру - тегінен айыру емес пе?!» Жанашырлардың жанайқайына біз де қосыламыз. Әрине, естір құлақ табылса. Шын мәнінде түркілік танымда тазыны төрт аяқтылардан бөліп қарап, төбеге шығармаса да, төменде ұстамаған.

 

Нысаналы Ығыл

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу