Елбасы Конституциялық кеңеске жүгіну себебін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Конституциялық кеңеске жүгіну себебін түсіндірді

10.02.2019

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ата заңның 42-бабының 3-тармағына ресми түсініктеме беру туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады. Апта басында Ақордадан шыққан ақпаратқа жұрт елең ете қалды. Өйткені, Ата заңдағы дәл осы баптың осы тармағында Президенттің өкілеттігіне қатысты дүние айтылады. Алайда, сәуегейлер болжам жасап, саясаткерлер жауырынға қарап үлгергенше, Президенттің өзі жұрттың дүрлікпеуін сұрап, мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық кеңес Президенттің өтінішін қарауға кірісіп кетті. Негізі заңды қарау – шетелдік тәжірибелерді ескеріп, терең ғылыми зерттеулерді талап ететін жұмыс. Бұл шарамен шұғылдану үшін Конституциялық кеңес Үкімет, Парламент, Жоғарғы сот, Бас Прокуратура мен Әділет министрлігінің білікті сарапшыларының пікірлеріне де жүгінетін болады.

Айбек ҚОБДАБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу