![Мұнай бағасы 5 пайызға арзандады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75633.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Лондон биржасында «Brent» маркалы шикізаттың бір баррелі 53,14 долларды құрап отыр.
Соңғы 5,5 жыл ішінде Еуропа мен АҚШ-та «қара алтын» құнының осыншама деңгейге төмендеуі алғаш рет тіркеліп отыр.
Бұған АҚШ-тағы жаңа мұнай кен орындарының ашылуы туралы ақпарат, Ресей мен Ирак жағынан шикізатқа деген ұсыныстың артуы, ОПЕК елдерінің өндіріс көлемін азайтпауы себеп болып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұнай бағасы 5 пайызға арзандады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7630/)