Осы аптада жаһанның назары Ұлыбританияға ауды. Бұл корольдіктің Еуропа Одағынан шығуына 12 күн ғана қалды. Ал, олардың болашақ қарым-қатынастары туралы келісім жобасы әлі дайын емес. «Брекситке» қатысты келіссөздер екі жылдан астам уақыт бойы жүргізілді. Әрине, жарты ғасырға жуық уақытта қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастарды бір мезетте үзу оңай емес. Даулы мәселе - екі Ирландия шекарасында. Бұл проблема шешілмегендіктен, Ұлыбританияның одақтан шығу процесі созылып кеткелі тұр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуына 12 күн қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/76329/)