«Фейсбуктің» бір белсендісі «наурыз айында мереке көп, сондықтан, 1 ай демалыс жарияласа да, артық емес», деген арман-тілегін білдіріпті. 1 наурыз - Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 22-і келетін әз-Наурызымыз бар. Соңғы жылдары 14-наурызда «Амал» мерекесі де кеңінен аталып жүр.
Биыл Астана, Алматы да осы ежелгі үрдісті қайта жалғады. «Нұр Отанның» баспасөз қызметі көрші-қолаңға «жыл құтты болсын!», деп кіріп шығыпты. Әсіресе әлеуметтік желі бұл күнді ерекше насихаттады.
Айнұр ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Онлайндағы ойсалар». Әлеуметтік желідегі жұрт Наурыздың тойлануын талқылап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/76332/)