Сәрсенбі күні Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозерден сенім грамотасын қабылдады. Уильям Мозер әр жылдары АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары, АҚШ-тың Украинадағы елшілігінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Тәжірибелі дипломат. Ол Қазақстан мен Құрама Штаттар арасында орнаған достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға күш салатынын айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚР Президенті АҚШ елшісінен сенім грамотасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/76337/)