![Атырауда кәсіпкерлерге арналған семинар өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_23773.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Шағын және орта бизнесті қолдау» жобасы аясында жүзеге асқан семинарда көптеген мәселелер қамтылды.
Елбасы 100 нақты қадам бағдарламасында кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту туралы тапсырма берген болатын. Бұл экономикалық тұрақсыз кезеңде шағын және орта бизнесті қолдау үшін қажет. Осы орайда Атырауда кәсіпкерлерге арналған келелі семинар өтті. Онда бизнес-жоспар түзу, кедергі келтіретін тетіктерді шешу жолдары тарқатып айтылды.
Бүгінде Атырау облысында 45 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Былтыр «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 70 жоба субсидияланып, 48 жоба кепілдендірілген, 5 адам мемлекеттен грант алған.
Айдос ҚАРАБАЛА

![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда кәсіпкерлерге арналған семинар өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/76822/)