![«EXPO-2017 Astana» журналының алғашқы саны жарық көрді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_32228.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«EXPO -2017 Astana» журналының алғашқы саны жарық көрді, деп хабарлады ҚазТАГ ақпараттық агенттігі.
«Журналдың алғашқы саны шықты. Таралымы – мың дана. Енді журналды 2 айда бір рет шығару жоспарлануда», - деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының басшысы Кенжеболат Жолдыбай баспасөз мәслихатында.
Журналдың бас редакторы Қуат Әуесбайдың айтуынша, журналдың басты мақсаты - EXPO-2017 көрмесі туралы ақпарат тарату.
«EXPO -2017 Astana» журналы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығады.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы халықаралық EXPO көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен Астанада өтпек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«EXPO-2017 Astana» журналының алғашқы саны жарық көрді
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77183/)