![EXPO-2017 халықаралық сәулеттік байқауы қорытындыланады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_32240.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең 22 қазанда Астанада EXPO-2017 көрме кешенінің үздік эскиз-идеясына халықаралық сәулет конкурсының қорытындысы шығарылады.
Елордада өтетін баспасөз мәслихатына «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев, конкурстың техникалық кеңесінің төрағасы Джереми Рифкин, сондай-ақ, «Adrian Smith + Gordon Gill Architecture» сәулет компаниясының өкілдері қатысады.
Айта кетейік, 16 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен EXPO-2017 халықаралық көрмесіне әзірлік және оны өткізу мәселелеріне арналған кеңесте көрме кешенінің сәулеттік эскизі мақұлданған болатын.
«Adrian Smith+Gordon Gill Architecture» - әлемнің жетекші сәулеттік компанияларының бірі. Компания Дубайдағы Бурдж Халифа, әлемдегі ең биік ғимарат - Кинг Тауер сияқты жобаларды жүзеге асырды.
Конкурстың техникалық кеңесінің төрағасы Джереми Рифкиннің айтуынша, «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture» жобасы орнықты даму, сәулеттік көркем жағынан және көрмеден кейін пайдалануға неғұрлым тиімді болмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=
EXPO-2017 халықаралық сәулеттік байқауы қорытындыланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77195/)