![Семейде «жасыл» технологияларды қолдану бойынша семинар өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66061.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Семей қаласында Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінде «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері мен қалалық жастар қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері үшін «Жасыл ел – ЭКСПО-2017 шарасына қосар үлесіміз» деп аталатын семинар өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Семинар «жасыл» технологияларды қолдану мүмкіндіктері, қоршаған ортаны қорғау, Шығыс Қазақстан облысындағы жастардың көшбасшылық мүмкіндіктерін арттыру және жалпы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде «жасыл» технологияларды қолдану бойынша семинар өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77243/)