![«ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты ғылыми жобалар таныстырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66067.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«EXPO-2017» көрмесіне дайындық қызу. Отандық ғалымдар переспективті ғылыми жобалармен жұмыс істеп, зерттеу жүргізуде. Тек «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі 25 инновациялық жоба дайындауда.
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осы жобалармен танысты, олардың ерекшелігіне көз жеткізді. Көрмеде жаңғырмалы және балама энергетика, энергия үнемдеу, сондай-ақ, голография саласында мультимедияны тарту арқылы макеттер, қолданыстағы қондырғылар ұсынылды. Қазірдің өзінде мақтанарлық, мақтауға тұрарлық жетістік бар.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты ғылыми жобалар таныстырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77249/)