![Туризм саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66072.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада Қазақстан туризм қауымдастығы (ҚТҚ) және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа ҚТА президенті Роза Асанбаева және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның туризм департамент директоры Аниса Бердина қол қойды.
Меморандумға қол қоюдың мақсаты - алда келе жатқан мамандандырылған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде туризмді дамыту саласында екіжақты ынтымақтастыққа көмектесу және нығайтуға арналған қолайлы жағдайларды құру.
Қол қойылған мәміленің маңызды шарттарының бірі - ЭКСПО-2017 қонақтарының Қазақстандағы күндерін жайлы жағдайда өткізуін ұйымдастыру үшін өзара әрекеттестікті орнату, деп хабарлайды expo2017astana.com.
«Алда келе жатқан ЭКСПО-2017 секілді халықаралық ауқымдағы оқиға отандық туризмнің ұсынатын барлық қызмет салаларын дамыту үшін жақсы жағдай тудырмақ. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде барынша тиімді нәтижені алу үшін ортақ әрекеттер саясаты қажет екенін түсіну қажет», - деп атап өтті өз сөзінде ҚТҚ президенті Роза Асанбаева.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Туризм саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77254/)