![Еуроодақ Грузияға 44 миллион 500 мың еуро қаражат бөлмек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75677.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осыдан бір апта бұрын қарт құрлық Грекия Еуроодақ сапынан іргесін аулақ салмақ деп шулаған еді. Ондай жағдайда бұл ұйымның құты қашып, тұтастықтары тас-талқан болуы әбден мүмкін делінген.
Себебі Грекия экономикасы қарыздан көз ашпай келе жатыр. Еуроодақтың алақанына қарап отырған келесі ел – Грузия. Экономикалық реформаларды ойлап тапқанымен, жүзеге асыруға қолдары қысқа еді.
Еуроодақ Грузияға 44 миллион 500 мың еуро қаражат бөлетін болып шешті.
Бұл қомақты ақша Грузияның одақтағы елдермен экономикалық және саяси қарым-қатынасын біріздендіруге жұмсалмақ.
Сонымен қатар, 2014 жылдан 2017 жылға дейін Еуроодақ Грузияға 410 миллион еуроға жуық қаражат құймақ.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуроодақ Грузияға 44 миллион 500 мың еуро қаражат бөлмек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7726/)