![Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Астанаға келді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66081.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «ЭКСПО -2017» көрмесіне дайындық барысымен танысу үшін Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес кезекті инспекциясымен Астанаға келді.
ХКБ басшысы сапары барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесіп, ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерінің көрмені өткізу қарсаңында атқарған жұмысына қатысты есебімен танысты.
Сапар шеңберінде бас хатшының Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен және бірқатар ресми тұлғалармен кездесуі жоспарланған.
Висенте Гонсалес Лоссерталес 22-23 қазан күндері ЭКСПО-2017 көрмесі Халықаралық қатысушыларының алқалы басқосуына және 23 қазан күні басталатын «Болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» халықаралық форумына қатысады.
Бұл - ХКБ-ның 2012 жылдың қарашасынан бері Астанаға жасаған төртінші инспекциясы, деп хабарлайды strategy2050.kz.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Астанаға келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77263/)