![EXPO-2017 көрмесіне қатысушылардың бірінші жиналысы бүгін өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66083.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елбасы Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталесті қабылдады.
Кездесуде EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысы талқыланды. Висенте Лоссерталес көрме жобалары сәтті жүзеге асырылып жатқанын айтады.
EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысушылардың бірінші жиналысы бүгінге жоспарланып отыр.
Оған әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 140 өкіл қатысады.
Жайнагүл ТӨЛЕМІС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=EXPO-2017 көрмесіне қатысушылардың бірінші жиналысы бүгін өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77265/)