![Бақытжан Сағынтаев EXPO нысандарының құрылысына қатысты көшпелі отырыс өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66150.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев шағын және орта бизнес кәсіпорындарын EXPO нысандарының құрылысына қатысуға тартуға қатысты көшпелі отырыс өткізді.
Кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, құрылыс ұйымдары мен аймақтық тауар өндірушілерінің өкілдері қатысты.
Бүгінгі күні көрме құрылысының бас мердігерлері мен тауар өндіруші кәсіпорындардың арасында жалпы сомасы 3 миллиард теңгеге 18 келісімшарт орнатылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бақытжан Сағынтаев EXPO нысандарының құрылысына қатысты көшпелі отырыс өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77332/)