![Оқушылар құрастырған робот ЕХРО көрмесіне қойылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66187.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтаулық оқушылар ЕХРО көрмесіне қойылатын робот құрастырып шығарды. Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп лицейінің тәлімгерлері оқу бағдарламасына енген пәнді осылайша жетілдіріп жатыр.
Мұндай роботтар Ақтауда тұңғыш рет құрастырылып отыр. Құлтемірді лицейдің 8-сынып оқушылары жасаған.
Оқушылар ұсақ-түйек бөлшектерден 5 робот шығады, дейді. Жүк көтергіш құлтемір арнайы пультпен немесе қалта телефоны арқылы басқарылады. Оқушылар үлгіні құрастырып, бұйрық жадын орнату үшін шамамен 2 сағат уақыт жұмсады. Енді дарынды балалар жаңа құлтемірдің үлгісін табу үшін тер төгіп жатыр. Жапония технологиясымен жасақталған құрылғының құны қымбат. Оны оқу орны арнайы тапсырыспен шетелден алдырған.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оқушылар құрастырған робот ЕХРО көрмесіне қойылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77369/)