![Әділбек Жақсыбеков «EXPO» құрылысы алаңында көшпелі кеңес өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66209.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қаласының әкімі, «EXPO-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбеков бірқатар инвестициялық компаниялар басшылары және топ-менеджмент өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңес өткізді.
Жиын барысында қала әкімі атқарылып жатқан жұмыс барысымен егжей-тегжейлі танысып шықты.
Жалпы ауданы 174 гектар аумақты құрайтын «EXPO» алаңында павильон, конгресс-орталық, амфитеатр, тұрғын үй кешендері салынып жатыр.
Жиын соңында басқарма төрағасы көрме кезіндегі қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әділбек Жақсыбеков «EXPO» құрылысы алаңында көшпелі кеңес өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77391/)