![«EXPO-2017» көрмесінің жоғары деңгейде өтуіне шетелде оқитын Қазақстан жастары белсене ат салыспақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66215.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Штаб пәтері Лондонда орналасқан бірлестік мүшелері «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевпен кездесті.
17 елде оқитын 37 мың қазақстандық студенттің басын біріктіретін ұйымның белсенділері халықаралық көрменің имиджін арттыруға бар күштерін салмақ.
Жастар өздерінің білім ордаларында EXPO-ны жарнамалайтын түрлі шаралар, «Орталық Азияның болашақ энергиясы» тақырыбына эссе байқауын ұйымдастыруды көздеуде.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«EXPO-2017» көрмесінің жоғары деңгейде өтуіне шетелде оқитын Қазақстан жастары белсене ат салыспақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77397/)