![«Online EXPO-2017» байқауына 450 инновациялық жоба келіп түскен](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66219.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгінгі күнге дейін «Online Expo-2017» байқауына 450 инновациялық жоба келiп түскен. Бұл туралы бүгiн «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова мәлімдеді.
Оның айтуынша, республикалық байқау ұсынысы ерек, қоғамға пайдасы бар тың инновациялық жобалардың авторларын анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, өнертапқыштың жобасы жұртшылықтың назарына іліккен жағдайда оның өнеркәсіпке енуіне жағдай жасайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде өз жобасының ерекшелігімен көзге түскен өнертапқыштар да бар екен.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Online EXPO-2017» байқауына 450 инновациялық жоба келіп түскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77401/)