![Ертең «Халық маркасы» байқауына дауыс беру басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66273.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең елімізде «Халық маркасы» байқауына дауыс беру басталады. Қазақстандық тұтынушылар бір ай бойы ең үздік отандық өндірушіні онлайн дауыс беру арқылы анықтайды.
Қатысушылар 30 аталым бойынша іріктеліп, жеңімпаз EXPO-2017 мен Миландағы EXPO-2015 халықаралық көрмесіне жолдама алады. Одан бөлек, өндіруші өз тауарларының сыртына «Халық маркасы» белгісін қойдыру мүмкіндігіне ие болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысуға 70-ке жуық тауар өндіруші ниет білдірген.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең «Халық маркасы» байқауына дауыс беру басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77454/)