![Оңтүстік Кореяда оқитын қазақстандық студенттер «EXPO-2017» халықаралық көрмесін жарнамалады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66293.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«12 адамнан тұратын қазақстандық жастар велосипед командасы 2015 жылдың 7 қазанында Сеулден шығып, Соннам, Сувон, Осан, Чонан қалаларына тоқтап, Сэджон әкімшілік орталығы арқылы Оңтүстік Кореяның технологиялық бас қаласы Тэджонға жетіп, 9 қазан күні Сеулге қайтып келді», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Іс-шараның басты мақсаты – Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесін ілгерілету. Қазақстандық студентер өз үлгілерімен адамның мүмкіндіктерін және қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын көрсетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореяда оқитын қазақстандық студенттер «EXPO-2017» халықаралық көрмесін жарнамалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77476/)