«ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер сатылымға шыққаннан бері жүздеген данасы мәжбүрлі түрде сатылған. Яғни, мемлекеттік қызметкерлерден билеттерді сатып алу талап етіліп, міндеттелген. Бұл туралы бүгін «ЭКСПО-2017»-нің қоғам мен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Сергей Куянов мәлімдеді. Оның айтуынша, халықтан «ЭКСПО-2017»-нің мекен-жайына билеттерді мәжбүрлеп сатып алу туралы жүздеген арыз-шағым түскен. Сол ақпараттардың жартысынан көбі расталған.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер мәжбүрлеп сатылған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77617/)