Биыл елімізде ЭКСПО көрмесі кең ауқымда аталып өтпек. Осынау халықаралық көрме тарихында ерекше өнертабыстар таныстырылып отырады.
Париждің ең басты сәулет нысаны Эйфель мұнарасы ЭКСПО-ның негізі болған. 1889 жылғы бүкіләлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы ретінде жобаланып салынған болатын.
Сонымен қатар, әлемдегі тұңғыш айналаны шолу дөңгелегі де 1893 жылы Чикагода өткен көрмеде таныстырылған. Оның салмағы - 2 тоннадан асса, ұзындығы 80 метрге дейін жеткен.
Ал, балмұздаққа арналған жеуге болатын вафилді стақан 1904 жылы Сент-Луисте өткен бүкіләлемдік көрмеде таныстырылған. Оған дейінгі балмұздаққа арналған ыдыстар қағаздан жасалып келген.
Өзгеде ЭКСПО көрмесінде таныстырылған өнертабыстар жайлы толығырақ «Таңшолпанда».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Осы уақытқа дейінгі ЭКСПО тарихында таныстырылған өнертабыстар (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77618/)