«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында энергетиканың тұрақты дамуына қатысты бірнеше маңызды шара өтеді. Жиындарға 50-ден астам мемлекеттің өкілі қатысады. Олардың қатарында әртүрлі елдің Энергетика министрлерлері, белді халықаралық ұйымдардың басшылары бар. Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев арнайы қатысатын жиында қазба байлықтарды пайдалану, баламалы қуат көздерін дамыту және энергияны үнемдеу сияқты мәселелер талқыланбақ. Қорытындысында, «ЭКСПО-2017»-ге аса қажет министрлердің бірлескен мәлімдемесі қабылданады деп күтілуде.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ЭКСПО-2017» көрмесіне 20 елдің энергетика министрі келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77625/)