Ақмола облысы «ЕXPO-2017» халықаралық көрмесіне келген меймандарды қабылдауға әзір. Әсіресе, Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы нысандардың дайындығы мығым. Биыл алғаш рет Абылайхан алаңында этноауыл бой түзеді.
Ақмола облысында 800-дей туристік нысан жұмыс істеп тұр. Астана маңындағы аудандарға, Бурабайға «ЕXPO-2017» көрмесінің қатысушылары келеді деп күтілуде. Өңірдегі нысандар тәулігіне 12 мың адамды қабылдай алады.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысы туристерді қабылдауға дайын&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77718/)