«Таңшолпан». Елордадағы этноауыл жұмысы қыркүйектің 10-на дейін жалғасады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Елордадағы этноауыл жұмысы қыркүйектің 10-на дейін жалғасады (ВИДЕО)

15.06.2017

Астана қаласы маңындағы «Қазанат» атшабарында  орналасқан этноуылдың аумағы – 2500 ш.м. Бұл -  «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында құрылған туристік мәдени және имидждік бірегей жоба. Ұлттық мәдени кешенге ат шалдырған кез келген адам байырғы заманға саяхат жасап, өзін бір сәтке көшпенділер бейнесінде сезінуіне мүмкіндігі бар.

Маусымның 10-ы күні ашылған ауылдағы думан қыркүйектің 10-на дейін жалғасады. Этноауылдың ашылуы Алматы күніне тұспа-тұс келді. Оңтүстік астаналық қолөнер шеберлерінің туындыларын қонақтар маусым айының 19-на дейін тамашалайды.

Кешен аңшылықтың дәстүрлі түрлері, шеберлер, ұлттық ойын, ұлттық асхана орталығы сынды түрлі бағыттағы секторлардан тұрады.

Үш ай бойы базары тарқамайтын жоба алыс-жақын шетелдерден келген қонақтарға қазақ халқының мәдениеті мен өнерін кеңінен таныстырып, насихаттайтын болады.

Хабарламаларға жазылу