![Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы сын көтермейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75703.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл мәселе демалыс аймағында өткен арнайы жиында сарапталып, тиісті мекемелерге жүктелді.
Тамаша табиғатымен танымал Бурабай аймағы туризмді өркендетуге қолайлы-ақ. Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың сапасы көңіл көншітпейді.
Мәселен, Щучье-Бурабай курортты аймағын дамытуға бағытталған бағдарламаның бірінші кезеңінде жоспарланған 37 шараның тек 7-і ғана толығымен іске асқан. 7-і тіпті бекітілмеген, ал қалған 23-і екінші кезеңге ауыстырылған. Төмен көрсеткішке жобалық-сметалық құжаттардың уақытылы дайын болмауы мен қате жасалуы себеп болған.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы сын көтермейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/7777/)