Астана «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Тайланд корольдігінің ұлттық күні аталып өтті. Онда тай елінің ұлттық әндері шырқалып, ұрыс жаттығулары, би түрлері көпшілікке ұсынылды. Жалпы, бұл павильон - ЭКСПО қалашығындағы ең танымал алаңдардың бірі. Көрме ашылғалы оны 100 мыңнан астам көрермен тамашалап үлгерген. Бұл елдің ерекшелігі - баламалы энергия көзі ретінде жүгеріні таңдап алған.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ЭКСПО» көрмесінде Тайланд корольдігінің ұлттық күні өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77811/)