Бүгін Финляндия павильонында балалар мерекесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Финляндия павильонында балалар мерекесі

27.07.2017

Еуропалықтар өз павильонына келген ата-аналар мен балғындарға тосынсый жасады. Ең жас келушілерге арнап сурет сызатын орын дайындады. Әрі ертегі кейіпкерлерімен суретке түсуге мүмкіндік берді. «Мұның бәрі жас көрермендер үшін ұмытылмас әсер қалдырғанына сенімдіміз», - дейді Финляндия павильонының өкілдері.

«Балалар - біздің ең талғампаз көрермендеріміздің бірі. Сондықтан, оларды қуанта білсек, біздің ісіміздің жемісті болғаны», - дейді ұйымдастырушылар. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу