Бүгін Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында Батыс Қазақстан облысының күндері басталды. Ару Жайықтан ерке Есілге сәлемін алып келген оралдықтар көрмеде бар жақсысын ұсынбақ. Бір аптаға созылатын іс-шарада өңірдің жетістігі, дамуы мен келешегі таныстырылып, инновациялық жобалардың тұсауы кесіледі. Бес күннің ішінде қолөнер шеберлері мен суретші-мүсіншілердің көрмесі, Оралдағы қос театр майталмандарының сахналық туындылары, өнер ұжымдарының концерті жұртшылық назарына ұсынылады.
Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, өзге де танымдық-мәдени шаралар өткізілмек. Төрткүл дүние көз тіккен көрмеге Батыс Қазақстан облысынан 600-дей делегат келді.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында Батыс Қазақстан облысының күндері басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77933/)