«Экспо-2017» көрмесі аясында Өзбекстан павильоны газбен жүретін, соңғы үлгідегі автобусты таныстырды. Қоршаған ортаға, жолдарға еш зияны жоқ қоғамдық көлік – өзбек пен немістің біріккен жобасы. Көлік шығаратын өзбек компаниясы қазақстандық тараппен осы салада ортақ жобалар іске асыруды көздеп отыр.
Көрме аясында қазір Астанада дәл осындай 4 автобус жолаушыларды тегін тасып жатыр. Бас шаһардың ең ірі қонақүйлері, әуежай бағыттары бойынша жүріп, қонақтарды Экспо қалашығына әкеледі. Автобустың жалпы салмағы – 12 тонна. Компания өкілдерінің айтуынша, газ баллондарды көліктің төбесіне орналастырған. Сыйымдылығы – 90 адам.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өзбекстан павильоны газбен жүретін соңғы үлгідегі автобусты таныстырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/77975/)