«Қарт Каспийден сәлем ал, ерке Есіл!». Ертең елордада «ЭКСПО» аясында Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталады. Өңір әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовтың хабарлауынша, 15-18 тамыз аралығында яғни, 4 күннің ішінде 38 мәдени шара өтеді. Арнайы келген 700-ге жуық өнерпаз, елордалық тұрғындар мен шетелдік қонақтарға ән-жырдан шашу шашады. Әсіресе, этноауылда қойылатын этнографиялық театрландырылған қойылым көптің таңдайын қақтырмақ. Бұл жерде қазақ халқының ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрыптары мен Маңғыстау өңірінің ерекшеліктері көрсетіледі. Ұлттық спорт ойындары да кеңінен насихатталады. Ат жарысынан бастап, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, қыз қуу, теңге атудан жарыстар ұйымдастырылады.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең елордада Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78000/)