Науру - Тынық мұхитының батысындағы арал. Халық саны - 13 мыңдай. Мемлекет 1968 жылы тәуелсіздігін жариялаған. Науру баламалы энергия көздерін дамытуға ерекше мән береді. Мәңгі жазы бар арал жаңартылатын қуатты Күн сәулесінен алады. Бұдан бөлек, жел мен судан энергия алуды дамыту - елдің 2020 жылға дейін арнайы бағдарламасында қарастырылған. Наурудың ұлттық күні мерекесі көрме аумағына бүгін ерекше атмосфера, көңіл-күй сыйлады. Меймандар ел өнерпаздарының әсем биі мен әніне куә болды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «ЭКСПО» қалашығында әлемдегі ең кішкентай республиканың ұлттық күні тойланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78077/)