Астана аспаны батпырауықтарға көмкерілді. «ЭКСПО» көрмесі аясында малайзиялықтар балаларға арнайы мереке ұйымдастырды. Шара еліміздің Конституция күні мен Малайзияның Тәуелсіздік күні мейрамдарына орайластырылды. Көңілді кешке 200-ден астам елорда оқушысы қатысты. Кішкентай қонақтар батпырауықтарды көкке көтеріп қана қоймай, ашық аспан астында демалыс ұйымдастырды.
Мәдени шарада қос елдің өнері, мәдениеті таныстырылды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада батпырауық ұшыру кеші ұйымдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78085/)