«ЭКСПО» көрмесінің абыройлы өтуіне еріктілердің еңбегі ерен болды. Бүгін Ахметжан Есімов пен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен еріктілер форумы өтті. Шара барысында «ЭКСПО-2017» ұлттық компания басшысы үздік волонтерларды марапаттап, алғысын білдірді.
Айта кетейік, көрмеде 4 жарым мың ерікті қызмет етті. Олардың 200-ден астамы шетелдерден келген. Ең жас ерікті 14 жаста болса, ең үлкені 84 жаста болған.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ахметжан Есімов пен Ерлан Сағадиевтің қатысуымен еріктілер форумы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78110/)