Әлемдегі ең қуатты 500 кәсіпорынның 209-ы Шаньдун провинциясында орналасқан. Бүгін Қытай экономикасының қозғаушы тірегіне айналған аймақтың «ЭКСПО»-дағы апталығының басталуында осы ақпарат айтылды. Айтулы шараға бұл елден 300-ден астам бизнес өкілі келген. Бәрінің ойы - осы жерден өзіне серіктес табу. Жиында әріптестікті нығайту мақсатында екі жақты келісімдерге қол қойылды.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың 23 провинциясының апталығы өткен еді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ЭКСПО». Шаньдун провинциясының апталығы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78114/)