Өңір тарихын, өндірісін, өнері мен мәдениетін таныстыру мақсатында Елордада кенді өңірдің көрмесі ұйымдастырылды. Онда 300-ден аса жәдігер халық назарына ұсынылды. Үш күн бойы жалғасатын көрмеден жұртшылық Сарыарқа төсінен табылған «Алтын адам» мүсінінің, көне шағатай жазуы таңбаланған белгі тастың көшірмесін, сондай-ақ, басқа да бірегей тарихи жәдігерлерді тамашалай алады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп жатқан Қарағанды облысының мәдениет күндері жалғасуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78129/)