Тәуелсіздік күніне орай «Астана Опера» театрында «Өнерім саған, Тәуелсіздігім!» атты мерекелік кеш өтті. Концертте танымал композитор Тілес Қажығалиевтың «Қыз қуу» скерцосы, Латиф Хамидидің «Бұлбұл», Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» айтыс сахнасы және көптеген Батыс Еуропа композиторларының шығармалары орындалды. Айта кету керек, келесі жылы театр ұжымы осы бағдарламамен Еуро турнеге аттанады.
Руслан Баймурзин, дирижер:
- Тәуелсіздігіміздің арқасында осындай театр салынып, концерт, опера, балет қойып жатырмыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана Опера» театрында «Өнерім саған, Тәуелсіздігім!» атты мерекелік кеш өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78557/)