Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Президент атынан бір топ азаматқа «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендерін табыстады. Олардың ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, «Қазақтелеком» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова «Парасат» орденімен, Білім және ғылым вице-минисрі Бибігүл Асылова, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания өкілдері сый-сияпатқа ие болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78566/)