Бүгін қабырғалы басылым бетіне шыққан Президенттің мақаласы қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр. Себебі, онда рухани жаңғыруға арналған нақты міндеттер көрсетілген. Осы мақалаға сүбелі ой қосқан алматылық зиялы қауымның пайымды пікірін тілші Нұрлан Асқарұлы тыңдап келді.
Зиялы қауымның тұжырымынша, мақаланы зейін қойып оқыған адамға алдағы сын-қатерлер туралы сан тарау ой қозғалған. «Ал, біз солардың тек негізгілерін қорытып айттық», дейді олар. Ғалымдар алдағы уақытта осы мақала шеңберінде ірі ұлттық жоба әзірлеу керек екендігін де тілге тиек етті.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ