Астанада «Байырғы түркі құндылықтары-2017» атты халықаралық ғылыми-теориялық-практикалық конференция өтті. Шара белгілі түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының 70 жылдық мерейтойына арналған. Конференцияның мақсаты - қазіргі түркітанудың өзекті мәселелерімен болашақ даму бағыттарын зерделеу. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» сынды жобаларға ғылыми тұрғыдан үлес қосу. Жиын барысында түріктанудың өзекті мәселелері талқыланып, мәдени-тарихи құндылықтардың ғылыми зерттеулерінің ұтымды бағдарламасын жасау керектігі айтылды.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Байырғы түркі құндылықтары-2017» атты халықаралық конференция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78625/)