Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі. Бүгін Жоғарғы сотта Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мақсат-міндеттер талқыланды. Ел үшін маңызды құжаттың басты шарты – ұлттық кодты сақтау. «Қазіргі жаһандану дәуірінде өзінің ұлттық құндылықтарын сақтап, насихаттаған ел ғана жат идеологиялардың ықпалына төтеп бере алады. Сондықтан, қазақ халқының бай тарихи мұрасын сақтай отырып, қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін дамытуға тиіспіз. Яғни, ұлттық кодты сақтау – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру»,- деді Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Рухани жаңғыру - мәңгілік ел болудың кепілі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78626/)