«Күмбірлеген домбыра үнімен үндескен жас жүрек». Осындай атаумен Астанадағы Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-гимназияда шығармашылық кеш өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен шараның тақырыбы мен мақсаты айқын. «Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту», - дейді ұйымдастырушылар. Яғни, осындай кештер арқылы жастардың бойына ұлттық өнерге деген сүйіспеншілкті, қазақы рухты сіңіруге болады. Кеште оқушылар халқымыздың ән-күйлерін орындап, өнерлерін ортаға салды.
Алтынай БАРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Рухани жаңғыру мектептен бастау алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78684/)