Елордалық оқушылар рухани жаңғыру жайын елімізге белгілі ғалым-академиктермен бірге талқылады. Жиында азаматтың рухани бейнесіне мән беру, жастардың әрқашанда инновациялық өзгерістерге дайын болуы керек екені сөз етілді. «Халықтың тарихы, тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі - рухани құндылығымыздың қайнар бастауы. Осы сынды ұғымдар жастар санасының ажырамас бір бөлігіне айналуы тиіс», - деді шараға қатысушылар.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық оқушылар рухани жаңғыру жайын ғалым-академиктермен бірге талқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78690/)