Бүгін Астанада осындай атаумен жаңа кітап таныстырылды. Еңбекке танымал қоғам қайраткерлері, түрлі ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдерінің мақалалары, сұхбаттары, пікірлері кірген. Президент мақаласындағы алты маңызды бағыт пен көрсетілген міндеттер сарапталады. «Бұл кітап әсіресе, жан-жақты ақпарат жинайтын студенттер қауымының сұранысына ие болады», - дейді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мамандары. Жинақ бүгіннен бастап институттың сайтында жарияланады.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Нұрсұлтан Назарбаев – Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа кітап таныстырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78699/)