Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары айтыскер ақын Бекарыс Шойбекпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары айтыскер ақын Бекарыс Шойбекпен кездесті

02.03.2018

«Өнегелі жанмен бір сағат».  Осы тақырып аясында Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары  «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, «100 жаңа есім» жобасына  енген айтыскер ақын Бекарыс Шойбекпен кездесті.

Онлайн режимде өткен басқосудағы тәлімді әңгімені өңірдің мыңнан астам мектебінен 67 мың шәкірт тыңдады. Өмірі өнегелі азамат мектеп оқушыларына алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары туралы жан-жақты айтып берді. Ондағы ұлттық бірегейлік, білімнің салтанат құруы және сананың ашықтығы туралы келелі ой айтты.

Сонымен қатар, ізгілік, достық секілді адами қасиеттер, отбасы құндылықтары, рухани байлық  жайын өмірлік тәжірибемен ұштастыра отырып әңгімелеп берді. Кездесуде айтыскер ақын жастардың сұрақтарына да жауап берді.  Мектеп оқушыларымен мұндай тағылымды кездесу өткізу өңірде әрі қарай да жалғасады.  

Есдәулет Қожахмет, 9-сынып оқушысы:

Әр оқушы өзіне керекті мағлұматты алды деп ойлаймын. Бұл бізге рухани азық. Өмірге қажетті, керек нәрсе деген ойдамын. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу