Алматыда «Ұлт-азаттық қозғалыстың ынтымақтастығы» жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ұлт-азаттық қозғалыстың ынтымақтастығы» жиыны өтті

17.04.2018

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлт-азаттық қозғалыстың ынтымақтастығы» атты алқалы жиын өтті. Шараға жиналған белгілі ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері Алаш орда қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатұлы және башқұрт өкілдері Ахмет Зәки Уәли, Шариф Манатовтардың ұлттық идея жайында айтқан ой-толғамдарын ортаға салып, талқылады. Сондай-ақ, жиналғандар басқосуда сол кездегі башқұрт пен қазақ  қайраткерлерінің арасындағы білім, ғылым, кәсіпкерлікті игеру, қазіргі ұлттық құндылықтарымызды насихаттау жайын тілге тиек етті.   

Едіге Ахмет, қоғам қайраткері:

- Біздің ең басты мақсатымыз, өткен тарихты жалғастырып, Алихан Бөкейханов, Ахмет Зәки Уәлидің еңбектеріне тоқталу. Олардың ғылыми еңбектеріне қарасты қазақ пен башқұрт халықтарының ортақ идеясы, мұрасын зерттейміз. 

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу