![Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік кеш өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_32430.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат» атты мерекелік кешке «Қыпшақ» тұрғын үйінде тұратын майдангерлер қатысты.
Көпті көрген қариялар жастарға қиын-қыстау замандағы бастан өткен оқиғаларды айтып, өмірден түйгендерімен бөлісті. Сонымен қатар, қаһарман қарттар жас ұрпақты елінің патриоты болуға шақырды.
Ескендір Кәрімұлы, соғыс ардагері:
Жастарға, ұзақ өмір тілеймін. Аман-сау болыңыздар. Бейбітшілік күн болсын. Соғысты адам басына бермесін.
Ләззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік кеш өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/78783/)